English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек жыл соңында өтеді
12:32 / 2020-05-25

«Mathroom Boxing» промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн үшінші жекпе-жек қай кезде боларына нақтылық енгізді


Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінш жекпе-жек жыл соңында өтуі мүмкін.

«Mathroom Boxing» промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн орта салмақта әлем чемпионы IBF және IBO белбеуіне ие қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен төрт салмақта чемпион мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек қайда өтуі мүмкін екені жөніндегі қауесетке нақтылық енгізді.

Boxingscene.com сайтында шыққан ақпаратқа сай, Головкин – Шеремета арасындағы жекпе-жек тамызда, "Канело" мен Сондерс - қыркүйекте. Ал одан кейін не боларын тауып көріңіздер? Головкин мен "Канело" рингкте желтоқсанда жолығады. Жыл соңына дейін жағдай түзеліп, бокс сүйер көрермен Лас-Вегасқа орала алады деп сенемін, деген Эдди Хирн.

Бұған дейін Головкиннің бапкері Джонатан Бэнкс Сауль Альварес пен Геннадий Головкиннің үшініш шайқасына қатысты "Канело" командасы оны қыркүйекте өткізу жайлы ұсыныспен хабарласқанда бұл жекпе-жектен бас тартқанын және Головкиннің басқа жопары бар екенін жеткізген болатын.