Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі күзде өтпейтін болды

Головкин Шереметамен кездесу өткізіп, одан кейін тағы бір шайқасты өткізуді жоспарлауда


Орта салмақтағы IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкин мен WBA және WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек күзде өтпейтін болды.

Головкиннің комнадасы осындай шешімге келген. Бапкер Джонатан Бэнкстің iFL TV арнасына берген сұхбатында "Канело" командасының қыркүйекте өтетін бокс кешіне орай хабарласқанын айтып, бірақ бұл жекпе-жектен бас тартқанын және Головкиннің басқа жопары бар екенін жеткізген.

Бэнкстің айтуынша мұның алдында мексикалық боксшының командасына жұдырықтасуға дайын екенін айтқан кезде олар бұл ұсыныстан бас тартқан. Ал, енді "Канело" Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келеді. Бірақ Головкиннің жоспары басқа. Алдымен Головкин Шереметамен кездесу өткізіп, одан кейін тағы бір шайқасты өткізуді жоспарлауда. Альварестің жекпе-жекке шыққысы келсе, ол кейін болады. Біз мұны бірге жасауымыз керек, – деген.