Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Физика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды
19:11 / 2020-10-06

2020 жылғы физика саласы бойынша Нобель сыйлығы ағылшындық физик Роджер Пенроуз, неміс астрофизигі Рейнхард Генцел және американдық астроном Андреа Гездерге нәсіп етті


2020 жылғы физика саласы бойынша Нобель сыйлығы ағылшындық физик Роджер Пенроуз, неміс астрофизигі Рейнхард Генцел және американдық астроном Андреа Гездерге нәсіп етті.

Нобель комитетінің хабарлауынша, Роджер Пенроуз «қара құрдымның пайда болу механизмі жалпы салыстырмалылықтың дұрыс болжам екенін анықтағаны үшін» марапатқа ие болған болса, Генцел мен Гез Құс жолының орталығында супермассивті ықшам затты тапқаны үшін, сыйлыққа ие болған.

Жалпы салыстырмалылық теорияға сәйкес қара құрдым - орасан зор тартылыс күші бар ғарыштық нысандар болып, олар ақиқатында бар. Алайда, бұл теорияны жасаған Альберт Эйнштейннің өзі де оған сенімді болмаған. 1965 жылы болашақ Нобель сыйлығының лауреаты Роджер Пенроуз қара құрдымның шынымен де бар екенін дәлелдеді және олардың құрылымын егжей-тегжейлі сипаттады.

Ал, неміс астрофизигі Рейнхард Генцел мен американдық астроном Андреа Гездің ғылыми жетістіктері – галактиканың орталығында орналасқан супермассивті нысанды анықтауымен байланысты. Бұл нысан - Күннен 4 миллион есе ауыр болып, қызып тұрған газды бұлтпен қоршалған орта. Ондағы бірнеше жұлдыздар көрінбейтін, бірақ өте массивті заттың айналасында шоғырланған. Оптикалық телескоптарда көрінбейтін бұл жұлдыздар шоғырын, ғалымдар оның бар екендігі туралы өте «жарқын» сәулеленуі арқылы байқаған, содан кейін басқа спектрлердегі сәулеленуді анықтау арқылы оның бар екені расталды. Гез және Генцел бастаған ғылыми топтар бұл нысанды газ бұлттары арқылы қалай көруге болатындығын анықтай алған.

Снимок.PNG

2020 жылғы Нобель сыйлығы лауреаттарының есімдері 5-12 қазан аралығында жарияланады. Кеше алғашқылардан болып, медицина саласы бойынша жеңімпаздар анықталған болатын. Ал, 7 қазанда химия, 8 қазанда әдебиет және 12 қазанда экономика саласы бойынша жеңімпаздар жарияланса, 9 қазанда бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының иегері Норвегияның Осло қаласында белгілі болады.

Еске салар болсақ, 2019 жылғы физика саласында Нобель сыйлығын американдық физик Джеймс Пиблс және швейцариялық астрономдар Мишель Майор мен Дидье Кело иеленген болатын.