Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы автобус бағыттарының саны тағыда артты
Өзбекстан Республикасының Транспорт министрлігінің қасындағы «Uzavtotrans Service» компаниясы Қазақстанның түрлі облыстарына сапарға шығатын Ташкент облысы аудандарының тұрғындарына қолайлық жарату мақсатында 13-ші қыркүйектен бастап «Ангрен-Алматы» «Шыршық-Алматы», «Шыршық-Шымкент» бағыттарына тұрақты рейсті қатнауды жолға қояды.
Жол қашықтығы 918 шақырым болған «Ангрен-Алматы» бағытының белет бағасы 120 мың сум болып белгіленіп, автобустар Ангреннен 16:00, 17:00, 18:00 де жүруді бастайды.
«Шыршық-Алматы» бағытының белет бағасы 100 мың сум болып белгіленген. Осы жол бағытының қашықтығы 818 шақырымды құрайды. Автобустар қатнауы 17:00 мен 18:00 де басталады.
Ал«Шыршық-Шымкент» бағыттарына автобустар қатнауы күнделікті 09:00, 11:00, 13:00, 15:00,17:00 аралығында болады. Жол ақысы 35 мың сум.
Осыған дейін, Ташкенттен Қазақстанның Түркістан, Қызылода, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларына тұрақты түрде автобустар қатнауы жолға қойылған еді.