Өзбекстан және Қазақстан арасында автобус және әуе бағыттар саны артты
Арадағы 17 жылдық үзілістен соң, Қазақстан мен Өзбестан арасында алғашқы автобус бағыты 2018 жылдың қаңтар айынан басталған еді.
Арадағы 17 жылдық үзілістен соң, Қазақстан мен Өзбестан арасында алғашқы автобус бағыты 2018 жылдың қаңтар айынан басталған еді.
Бүгінгі күнде Ташкенттен Шымкент, Алматы, Қызылорда және Түркістанға, Нүкіс және Шыршық қаласынан Алматы облыстарына автобус бағыты жолға қойылған.
Ал, 11 наурыздан бастап Өзбекстан астанасы Ташкент пен Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қалалары арасында автобус бағыты жолға қойылды. Арадағы қашықтық 1646 киломертді құрайды. Автобус арадағы қашықтықты 28 сағатта басып өтеді.
Қазірге келіп жаңа бағыттағы автобустар аталған бағыт бойынша күніне бір рет қатнауда. Ендігі жағдайда бұл көрсеткіш төрт мәртеге жеткізу көзделген.
Қазақстанның «Эйр Астана» әуе компаниясы 1 сәуірден Нұр-Сұлтан және Алматыдан Ташкентке қарай рейстер санын көбейтті. Алматыдан Ташкент бағыты бойынша әуе рейсндегі ұшу қашықтығы 1 сағат 35 минут болса, Нұр-Сұлтан – Ташкент рейс уақыты 2 сағатқа тең.