Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
American Councils Өзбекстанға 1000-ға жуық лингвист мамандарын жібереді
16:21 / 2021-02-26

Өзбекстанда кадрлар сапасын жақсарту мақсатында АҚШ-тан 1000-ға жуық мұғалімдерді жіберу жоспарланып отыр.

Өзбекстанның АҚШ-тағы елшісі Джавлон Вахобов Халықаралық білім беру жөніндегі Американдық кеңестердің (American Councils) аға вице-президенті Майкл Кертиспен келіссөздер жүргізді.

Кездесуде ұйымның Өзбекстандағы білім беру бағдарламаларын іске асырудағы қызметі, елдегі тілдерді оқыту жобаларының перспективалық бағыттарын енгізу, сондай-ақ Американдық Кеңестердің елдегі ағылшын тілін оқыту сапасын арттыруға қатысуы талқыланған болып, ұйым тарапынан 2022 жылдың қазан айына дейін «English Speaking Nation» бағдарламасы аясында Өзбекстанның орта мектептеріндегі 15 мыңнан астам ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыруды жоспарланған.

Майкл Кертистің айтуынша, Өзбекстанда кадрлар сапасын жақсарту мақсатында жақын арада АҚШ-тан 1000-ға жуық тіл мамандарын жіберу көзделген. 

Сонымен қатар, FLEX бағдарламасы бойынша республикадағы мектептердің 40-қа жуық жоғары ссынып оқушысын АҚШ-қа жіберу жоспарланып, «Faculty Enrichment Program» бағдарламасы арқылы 30 жергілікті оқытушылар АҚШ-тағы тәжірибе алмасу курстарына қатысады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар 2021-2022 жылдары Өзбекстан азаматтары үшін білім беру жобалары саласындағы ынтымақтастықты арттыру, Американың жетекші университеттерінің қатысуымен елде білім көрмесін ұйымдастыру, ағылшын тілін тестілеу орталықтарын (TOEFL) кеңейту және басқа салалар туралы уағдаласты.

Бұған дейін, Өзбекстандағы мектептер мен ЖОО-да сабақ беру үшін АҚШ-тан 27 кісілік топтан тұратын арнайы ағылшын тілі маманы келген болатны.