Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Америкалық 27 мұғалім Өзбекстандағы мектеп пен ЖОО-да сабақ беру үшін Ташкентке келді

Өзбекстанға АҚШ-тан 27 кісілік топтан тұратын арнайы ағылшын тілі маманы келді. Олар елдегі мектептер мен университеттерде сабақ беретін болады.

Халық білім министрлігінің дерегінше, АҚШ-тан келген арнайы ағылшын тілі мамандары Ташкентте күтіп алынып, қаладағы мектептер мен ЖОО-да кездесу өткізген. 

«Өзбекстан Президенті Парламенттегі жолдауында шетел тілдерін үйрену биылғы жылдың басым бағыттарының бірі екенін айтты. Сондықтан біз осы салада ағылшын тілін оқытуды одан әрі жетілдіруге көмектесу үшін АҚШ-тан мамандарды шақырдық. Бұл бізге «English Speak Nation» жағары мақсаттарға жету жобасын жүзеге асыруға көмектеседі», - деген министр Шерзод Шерматов.

Шет тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мен кәсіби дамуға бағытталған практикалық көмек көрсету бағдарламасы аясыда Құрама Штаттардан арнайы мамандар жергілікті мұғалімдер үйірмесіне қосылып, сыныптардағы сабақтарға тікелей қатысатын болады.

Топтың жеті мүшесі ағылшын тілінде сөйлейтін ұлт бағдарламасы аясында «Coach-Trainers2» деп аталатын пилоттық жобаға қатысады. Оның мақсаты - Өзбекстанның орта мектептеріндегі шетел тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мен практикалық көмек көрсету. Бағдарламаны АҚШ Елшілігінің Қоғаммен байланыс бөлімінің гранты бойынша Халыққа білім беру департаментімен Американдық Кеңестер бірге жүзеге асырады.