АҚШ Конгрессі өкілдер палатасы Ресейдің G7 саммитіне қатысуына қарсы
Өкілдер палатасы G7 құрамы басшыларын, Ресей әлемдік демократияға төндірген қаупін тоқтатпайынша саммит құрамына кіргізбеуге шақырған.
АҚШ Конгрессі өкілдер палатасы Ресейдің G7 саммитіне қатысуына қарсы шығып резолюция қабылдады.
Мұндай шешімге келудің себебі Ресей көршілерінің аумақтық тұтастығын құрметтегені негіз болған. Олар тіпті бұл саммит (үлкен сегіздік) құрамынан Ресейдің толықтай шығарылуын қолдап, G7 құрамы басшыларын, Қырымды иемденіп алғаны мен әлемдік демократияға төндірген қаупін тоқтатпайынша саммит құрамына кіргізбеуге шақырған.
Еске сала кетсек, 9-шы желтоқсан күні Париж қаласында Франция, Ресей, Германия мен Украина басшыларының бас қосуымен«Норманд төрттігі» кездесуі жоспарланып, осы жүздесу аясында Ресей және Украина президенттерінің жеке кездесулерін де өтуі көзделген.