Путин мен Зеленский Францияда кездесетін болды
Бұл кездесу қыркүйек айында өтуі керек болған еді, бірақ...
Бұл кездесу 9-шы желтоқсан күні Парижде өтеді. Онда Ресей мен Украинадан бөлек Германия және Франция басшылары қатысады.
Франция президенті баспасөзінің мәліметінше бұл кездесу «Норманд келіссөздері» аясында өтетін болып, негізгі талқыланар мәселе Украина шығысындағы жағдайды тәртіпке салу. Осы келіссөздер барысында Ресей мен Украина президенттерінің жеке кездесуі де жоспарланған.
Осыған дейін, Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Путин мен Зеленскийді жеке кездестіру жайлы айтып, оған нейтралды аймақ ретінде Қазақстанды ұсынған болатын.