French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
4 миллионнан астам өзбекстандық COVID-19 вакцинасын тегін алады
16:18 / 2021-03-01

Өзбекстанда биыл коронавирусқа қарсы емдеу процесінде 4 112,668 азамат тегін екпе алатын болады.

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің хабарлауынша, елдегі COVID-19 вакцинасын тегін алатындар тізімі жарияланды.  

Олар қатарында:

  • 65-74 жастағы қарттар - 1 млн 85 мың 797 адам;
  • 75-тен 84 жасқа дейінгі егде жастағылар - 388 686 адам;
  • 85 және одан үлкен жастағы қариялар - 139 280 адам;
  • Медицина қызметкерлері - 447 976 адам;
  • Созылмалы аурулары бар жандар (18-65 жас) - 888 190 адам;
  • Мектеп мұғалімдері - 689 383 адам;
  • Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлері - 223 426 адам;
  • Қарулы күштер мен тәртіп сақшылары - 180 мың адам.

Еске сала кетсек, бұған дейін Өзбекстанда Ресейдің «Спутник V» вакцинасын қолдануға рұқсат берілген болатын