Ресейдің Гамалея ғылыми-зерттеу орталығы жасаған «Спутник V» вакцинасын Өзбекстанда қолдануға рұқсат берілді.
Республикалық арнайы комиссия мәліметінде, «Спутник V» вакцинасы клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінің нәтижелері бойынша Өзбекстанда сертификаттаудан өткізіп жаппай қолдануға мақұлданғаны туралы хабарланды.
Қазіргі уақытта осы вакцинаның 1 млн дозасын сатып алу бойынша шаралар қабылдануда, - делінген.
Бұдан бөлек, қытайлық «Zhifei Longcom Biopharmaceutical Co.,Ltd» компаниясы жасаған ZF 2001 вакцинасының үшінші клиникалық сынағы Өзбекстанда сәтті өтуде. Қазірге дейін 7 мыңға жуық азамат емделген болып оларда ешқандай жанама әсер байқалмаған.
«Zhifei Longcom Biopharmaceutical Co.,Ltd» компаниясы осы вакцинаны жасауда Өзбекстанның үлесі мен күш-жігерін ескере отырып, ZF 2001 вакцинасының тең авторы ретінде таныды және бұл жаңа вакцинаны «ZF-UZ-VAC 2001» атауымен бірге өндірісін бастап пайдаланылану келісімін жасады.
«ZF-UZ-VAC 2001» вакцинасын Өзбекстанда «Jurabek Laboratories»ЖШС өндіретін болады.
Еске салар болсақ, 11 ақпанда Ресейдің «Спутник V» вакцинасын ел аумағында сертификаттау және тіркеу процесін бастауды арнайы комиссия мақұлдаған болатын.