1-ші қазаннан Өзбекстанда қандай өзгерістер орын алады?
1-ші қазаннан бастап Өзбекстандағы банкоматтар шетел валютасын беруін тоқтатады.
Бұл жағдай Visa, MasterCard, UnionPay сияқты халықаралық төлем жүйелеріне қызмет көрсететін банкоматтардың бағдарламалық жасақтамасында қайта дәстүрлеу жұмыстары басталғанына байланысты туындаған.

1-ші қазан айынан жақын туысқандар үшін көлік жүргізуге сенімхат талап етілмейді.
Өзбекстан Репсубликасы Президентінің «ӨР нотариалды жүйесін түбегейлі реформалау жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, 1-ші қазаннан бастап автокөлік транспорты иесінің туыстары (ата-анасы, күйеуі, әйелі, балалары, іні-қарындастары және т.б) азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінде көрсетілген көлік құралын пайдалану және басқару кезінде сенімхатты талап ету жүйесі жойылады.

1-ші қазанынан бастап қосылған құн салығын 20 пайыздан 15 пайызға дейін төмендейді
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев елдегі салық саясатын жетілдіру тұжырымдамасы аясында салықтық жүктемені азайту және кәсіпкерлік субъектілеріне салық салудағы теңгерімсіздікті азайту бойынша шаралар қабылдап, тұтыну нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Өзбекстандағы қосылған құн салығын 20 пайыздан 15 пайызға дейін төмендету туралы жарлыққа қол қойды.
ЖОО-ның басшылары мен оқытушы мамандардың біліктігін арттыру жүйесі енгізіледі.
Өзбекстан Үкімет жоғары оқу орындары басшылары мен оқытушыларының біліктілігін арттыру жүйесін одан әрі жетілдірудің қосымша шаралары туралы қаулы қабылдады. Қаулыға сәйкес 2019 жылдың 1 қазанынан бастап жоғары оқу орындарының басшылары мен педагок кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесі енгізіледі.

Спиртті ішімдіктер мен темекі тауарларына акциз салығы асырылады.
Алкоголь өнімдеріне акциз ставкасы орта есеппен 10 пайызға, темекі өнімдеріне акциз 20 пайызға асырылатын болады.

Жеке тұлғаға тиесілі деректер туралы заң күшіне енеді
Жеке адамға тиесілі деректер туралы заң президент тарапынан қол қойылып, оған сай жеке адамға қатысты ақпарат - бұл жеке тұлғаға қатысты немесе оны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін электронды түрде, қағазға және (немесе) басқа материалдық түрде жазылған ақпарат есептеледі. Мемлекет жеке деректерді қорғауға кепілдік береді. Жеке тұлғаның келісімінсіз немесе басқа заңды негіз болмағанда жеке ақпаратты жариялауға және таратуға тыйым салынады.