ӨзА Қазақ

26.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы ҚҚС 15 пайызға төмендету туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы ҚҚС 15 пайызға төмендету туралы жарлыққа қол қойды

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев елдегі салық саясатын жетілдіру тұжырымдамасы аясында салықтық жүктемені азайту және кәсіпкерлік субъектілеріне салық салудағы теңгерімсіздікті азайту бойынша шаралар қабылдап, тұтыну нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Өзбекстандағы қосылған құн салығын 20 пайыздан 15 пайызға дейін төмендету туралы жарлыққа қол қойды.

Онда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет үлесі 50 пайыздан және одан көп болатын заңды тұлғалар, сондай-ақ жарғылық капиталының 50 пайыз және одан жоғары болған заңды тұлғалар құрылымы үшін бірыңғай әлеуметтік төлем мөлшерлемесін 25 пайыздан 12 пайызға дейін төмендету көрсетілген.

Президент жарлығы осы жылдың 1-ші қазанынан бастап өз күшіне енетін болады. 

6 482
ӨзА