Владимир Путин мемлекеттік сапармен Қазақстанға барды
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен Қазақстанға барды.
Ақорданың хабарлауынша, Астана әуежайында Владимир Путинді Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзі қарсы алған.
«ҚР Әуе қорғанысы күштері Ресей президенті ұшағын ел шекарасына енген сәттен Астана әуежайына қонғанға дейін қапталдаса ұшты. Ұшақ трапының алдында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Жас өрендер Қазақстан мен Ресейдің жалаушаларын желбіретіп, қошемет көрсетті», делінген хабарламада.
Астана қаласының Оқушылар сарайының өнерпаздары Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» күйлерін, орыс халық шығармаларын орындап берген.