Индонезияда қоғамдық ортада бетпердесіз жүріп қолға түскендер жандар, коронавирустан қаза болғандар үшін қабір қазуға жіберілуде

Индонезияда қоғамдық ортада бетпердесіз жүріп қолға түскендер жандар, коронавирустан қаза болғандар үшін қабір қазуға жіберілуде.

«Daily Mail» ақпарат көзінің хабарлауынша, Индонезияның Гресик округінде пандемия кезінде маскасыз жүрген ер адамдарды профилактикалық мақсатта жазалау туралы шешім қабылданып, тұтқындалған тәртіп бұзушылар коронавирус құрбандарына бейіт қазуға жұмылдырылуда.

Жергілікті үкімет қызметкерлерінің айтуынша, бұл аймақта тек үш кәсіби бейіт қазушы болған, сондықтан бұл жағдай оларға қосымша көмек болады. Ал жаңадан қолданысқа енген тәртіпке сай, қазірге дейін сегіз азамат тұтқындалған және олар арнайы қабірстанға коронавирус құрбандарына бейіт қазу үшін жіберілген.

Гресикте коронавирус жұқтыру саны артып келеді және жергілікті аймақтарда карантиндік шаралар күшейтілуде. Соған қарамай «Көпшілік әртүрлі себептермен жаңа карантиндік талаптарды орындамай қойған. Соның нәтижесінде тәртіп бұзғандар осы сынды қоғамдық жаза түріне тартылуда», - дейді жергілікті үкімет өкілі.

Индонезияда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар санының өсуі жалғасуда, өткен тәулікте тағы 3636 кісіге коронавирус диагнозы қойылды. Пандемия басталғалы бері ауырған адамдардың саны 221000-нан асқан болса, осы уақытқа дейін 8841 адам вирус құрбаны болған.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Индонезияда бетперде тақпай қолға түскендер өзгеше жазаға тартылуда