Венесуэла Халықаралық қылмыстық соттан шығатынын мәлімдеді
Венесуэла Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) юрисдикциясынан шығу рәсімін бастайтынын мәлімдеді.
Бұл туралы сыртқы саясат ведомствосының басшысы 25 шілдеге қараған түні X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
Елдің Сыртқы істер министрі Феликс Пласенсияның айтуынша, Каракас Рим статутынан шығу туралы шешімі жөнінде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке ресми түрде хабарлаған.
Оның сөзінше, Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригестің тапсырмасымен БҰҰ-ға Рим статутының күшін жою және оның 127-бабына сәйкес Халықаралық қылмыстық соттың құрамынан толық шығу рәсімін бастау туралы ресми хабарлама жолданған.