Өзбекстандық төрешілер тобы әлем чемпионатында ойындарды басқарады
ФИФА биыл 11 маусым – 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтетін кезекті әлем чемпионатының ойындарынды басқаратын төрешілер тізімін жариялады.
Аталған додада, әлем футбол жанкүйерлерінің назарында болатын бұл турнирде өзбекстандық төрешілер тобы да ойындарды басқаруға қатысады.
Мәліметке сәйкес, тәжірибелі өзбекстандық төреші Ильгиз Танташев осы турнирде бас төреші ретінде қызмет атқарады. Сонымен қатар, оған Тимур Гайнуллин мен Андрей Цапенко әлем чемпионатында қосалқы (қаптал) төрешілер ретінде жұмыс істейтін болады.