Футболда жаңа өзгерістер: Ауызды жауып сөйлеуге тыйым салынады
Халықаралық футбол қауымдастықтары кеңесі FIFA ұсынған екі маңызды өзгерісті ресми түрде бекітті.
Жаңа ережелер 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты турнирінен бастап қатаң қолданылады.
Жаңа ережелерге сәйкес, келіспеушіліктер орын алған кезде қарсылас ойыншыға қарап, аузын қолымен немесе киімімен жауып, бірдеңе айтқан футболшы тікелей қызыл қағаз алады. Бұл шара алаңдағы кемсіту мен қорлауға қарсы күресу мақсатында енгізіліп отыр.
Сонымен қатар, төрешінің шешіміне наразылық ретінде алаңды өз бетінше тастап кеткен ойыншылар және оған итермелеген ресми тұлғалар (бапкерлер) шеттетіледі.
Егер команданың наразылығы салдарынан ойын тоқтап қалса, сол командаға автоматты түрде техникалық жеңіліс беріледі.
Бұл өзгерістерге не себеп болды?
Жақында болған екі ірі оқиға бұл шешімдердің жедел қабылдануына әсер етті. Біріншіден, «Бенфика» клубының вингері Жанлука Престианни Чемпиондар лигасы аясында «Реал Мадрид» жұлдызы Винисиус Жуниорға қарап аузын жауып, гомофобиялық қорлау сөздер айтқаны үшін 6 ойынға дисквалификацияланды.
Екіншіден, Африка кубогының финалында Сенегал ұлттық құрамасы төрешінің Браим Диасқа жасалған фол үшін белгілеген пенальтиіне наразылық білдіріп, алаңды тастап кеткен. Соның салдарынан Сенегал құрамасына техникалық жеңіліс (0:3) тіркелді.