Өзбекстан Жазушылар одағында Қазақ әдебиеті кеңесінің 2022 жылы атқарған қызметінің қорытындысына арналған жиын өтті.

Онда Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы, халық ақыны Сирожиддин Сайид, одақтың қазақ әдебиеті кеңесінің төрағасы Тұрсынәлі Ахмедов және елдегі барша зиялы қауым өкілдерінің ана тілінде еркін еңбек етіп, шығармашылықпен айналысуына зор көңіл бөлініп жатқаны, осыған байланысты оларға қажетті мүмкіндіктер жасалып жатқаны айтылды.

– Өткен жылы бауырлас халықтың бірқатар қаламгерлерінің шығармашылығына арналған танымдық шаралар өткізіліп, шығармалары кітап болып басылып шықты. Біз ұйымдастырған Орталық Азия шығармашыл жастар форумына Қазақстанның шығармашыл жастары белсенді қатысты. Біздер кешегі Ұлы ақынымыз Ғафур Ғұлама мен қазақ жазушысы Сәбит Мұқановтың достығын сүйіспеншілікпен еске аламыз, осындай достық қарым-қатынастарды нығайту үшін белсенді жұмыс істеуіміз керек, деді одақ төрағасы Сирожиддин Сайид.

Бүгінде Өзбекстан Жазушылар одағы жанындағы Қазақ әдебиеті кеңесі – одақ құрамындағы ең ірі кеңестердің бірі болып, өткен жылы 10-нан астам мәдени іс-шара және бірнеше кітап тұсаукесерін өткізді.

Атап айтқанда өткен жылы Жазушылар одағы жанындағы Қазақ әдебиеті кеңесінің мүшелері өзбек-қазақ әдеби байланыстары жөнінде түркі әлемі елдері арасында тұңғыш рет ұйымдастырылған жаһандық шара – «Түрік әдебиетінің жауһарлары» атты жүз томдық кітап жарыққа шығып, оның он томы, яғни 72-81 томдары қазақ әдебиетіне арналды. 

Осы он томдыққа қазақтың ұлы ақыны Абайдан бастап өткен ғасырдың классик жазушыларынан тарта бүгінгі Қазақ әдебиетіне үлес қосып жүрген жастардың шығармадары енген.

Қазақ әдебиеті кеңесінің төрағасы Тұрсынәлі Ахмедов өз баяндамасында 2023 жылғы кеңесітің алдағы жоспарына тоқталып ел аумағындақы қазақ ақын-жазушылардың жаңа кітаптарының тұсаукесері, мектептерде мәдени-әдеби кездесулер, танымдық шаралар, дөңгелек үстелдер өткізу көзделіп отырғанын жеткізді.

«Бұл ретте көптеген өзбек және қазақ ақын-жазушыларының шығармашылығына арналған дөңгелек үстелдер, танымдық кештер, әдеби конференциялар мен кездесулер «Қазақ тіліндегі баспа және электронды БАҚ-та кітап оқуды насихаттау», «Алаш ұранды әдебиет» атты мәдени-әдеби шара, Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығы мен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған мәдени іс-шара және т.б. кездесулер өткізу жоспарға енген» деді Тұрсынәлі Ахмедов.

Жиында Өзбекстан Жазушылар одағы жанындағы Қазақ әдебиеті кеңесінің алдағы жоспарлары жан-жақты талқыланып, зиялы қауым өкілдері ой-пікірімен бөлісті. 

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандағы Қазақ әдебиеті кеңесінің жыл бойы атқарған қортынды шарасы өтті