Өзбекстанда хоккейден халықаралық турнир өтеді
Өзбекстанда шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгілер арасында Азия және Океания кубогы турнирі өтеді.
Халықаралық турнир 23-30 сәуірде Ташкент пен Самарқанд қалаларында өтеді. Оған Өзбекстан құрамасын қосқанда 10 команда қатысады.
Бұл Өзбекстанда Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) қамқорлығымен өткен алғашқы ресми халықаралық турнир.
Жарысқа алаң иелерінен бөлек, Үндістан, Индонезия, Иран, Кувейт, Макао, Малайзия, Моңғолия, БАӘ және Таиланд құрамалары қатысады.
Қатысушылар бес командадан екі топқа бөлінеді. Әр команда қарсыласымен бір матч ойнайды. Өз топтарында бірінші орын алған командалар алтын, екінші орын алған командалар қола жүлдені сарапқа салады.