Жавохир Синдаров әлем чемпионымен алғашқы партияда тең түсті
Өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаров шахматтан қазіргі әлем чемпионы, үндістандық Гукеш Доммараджумен алғашқы партияда тең ойнады. Ақ фигуралармен өнер көрсеткен Синдаровтың бұл кездесуі 38-ші жүрістен кейін 0,5:0,5 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, шахмат тәжі үшін тартыс Швейцарияның Женева қаласында басталды. Бұл – шахмат тарихындағы ең жас қарсыластар арасында өтіп жатқан чемпиондық бәсеке. Әлемдік атақ үшін екі жас гроссмейстер бақ сынасуда.
Чемпиондық матчтың жүлде қоры – 2,5 миллион доллар. Қос шахматшы классикалық шахматтан 14 партияға дейін күш сынасады. Егер жалпы есеп тең түссе, жеңімпаз тай-брейкте анықталады.
Екінші партия бүгін, 25 қараша күні өтеді. Бұл жолы Гукеш ақ тастармен ойнайды.