Өзбекстанда медициналық мақсатта қолданылатын «Амбронол» препараты талапқа сай келмейтіні анықталды.

Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау зертханасы жүргізген «Док-1 Макс» және «Амбронол» препараттарының сапасын тереңдетілген бақылау нәтижелері бойынша аталған дәрі-дәрмектің нормативтік құқықтық құжатта көрсетілген құрамға сәйкес келмейтіні анықталды.

Атап айтқанда, олардың кейбір серияларында пропиленгликольдің орнына немесе онымен бірге этиленгликоль және диэтиленгликоль қоспасы болатыны анықталды. Осыны ескере отырып, тұрғындардың денсаулығын сақтау және қалған дәрі-дәрмектерге қосымша тексеру жүргізу мақсатында сақтық шарасы ретінде 2022 жылы «Quramax Medical» ЖШС республика аумағына әкелінген барлық дәрі-дәрмектерді сату тоқтатылды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін «Quramax Medical» ЖШС Үндістаннан әкеліп ел аумағында сатқан «Док-1 Макс» препаратынан республикада 20-ға жуық бала қайтыс болған еді.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда тағы бір дәрі талапқа сай еместігі анықталды