
Өзбекстанда заманауи технологиялар негізінде ұшқышсыз ұшатын аппараттар шығару жолға қойылды.
Қорғаныс өнеркәсібі мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, комитеттің жанынан ұшқышсыз ұшатын аппараттардың ғылыми-өндірістік орталығы құрылды.
Орталық халықаралық техникалық талаптар мен стандарттарға толық жауап беретін «Лочин» (лашын) ұшқышсыз ұшатын аппараттарын шығаруды жолға қойды.
Екі мақсатқа арналған бұл ұлттық жоба Орталық Азиядағы алғаш рет Өзбекстанда әзірленіп, іске қосылған болып, мұндағы орталық ұшқышсыз ұшатын аппараттарды өндіруге, құрастыруға, жөндеуге және оларға техникалық қызмет көрсетуге қажетті құрал-жабдықтар, толық қамтылған.
Қорғаныс өнеркәсібі мемлекеттік комитеті орталықты жас кадрларды даярлау, жетекші шет мемлекеттерде тағылымдамадан өту және біліктілігін арттыру арқылы ұшқышсыз авиация саласындағы мамандармен толықтырып жатқаны айтылды.
Ұлттық брендпен әзірленген ұшақ және квадрокоптер түріндегі «Лочин» ұшқышсыз ұшатын аппараты барлау, соққы беру, нақты уақыттағы бақылау, барлау, артиллериялық атысты басқару салаларында қоса алғанда ауыл шаруашылығы, мұнай және газ, орман шаруашылығы темір жол, геология, іздестіру, картография, топогеодезия, дақылдарды дефолиациялау, қорықтар, жолдар, әлеуметтік инфрақұрылым мен маңызды нысандарды бақылау және басқа да әртүрлі мақсаттарға пайдалану мүмкіндігіне ие.