Өзбекстан Республикасының Президенті мемлекеттік бюджет ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысын, зейнетақы, жәрдемақы және стипендияны 10 пайызға арттыру жөніндегі жарлыққа қол қойды.
2025 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақылар мен жәрдемақылар, сондай-ақ мұқтаж отбасыларға төленетін балалар жәрдемақысы мен материалдық көмек төлемдері мөлшері 10 пайызға ұлғайтылады.
Мұнда: Жасқа байланысты ең төменгі зейнетақы — 918 000 сум,
- Мүгедектік бойынша зейнетақы — 1 012 000 сум мөлшерінде белгіленеді.
Мұқтаж отбасыларға балалар жәрдемақының мөлшері:
- 3 жасқа дейінгі бір балаға — 360 000 сум,
- 3 жастан 18 жасқа дейінгі бір балаға — 275 000 сум,
- Екінші балаға қосымша — 165 000 сум,
- Үшінші және одан кейінгі әр балаға қосымша — 110 000 сум.
Мұқтаж отбасыларға материалдық көмектің айлық мөлшері – 420 000 сум болып белгіленді.
Сондай-ақ 2025 жылғы 1 тамыздан бастап бюджет мекемелерінің қызметкерлерінің жалақысы мен стипендия 10 пайызға арттырылады.
Осылайша, ең төменгі еңбекақы қазіргі 1 155 000 сумнан – 1 271 000 сумға дейін көтеріледі.
Бұл шараларды жүзеге асыру үшін қажетті қаржы Мемлекеттік бюджеттен және Зейнетақы қорынан бөлінеді.
Бұдан бөлек, жекеменшік секторда жұмыс істейтін азаматтардың төлем қабілетін ынталандыру мақсатында жұмыс берушілерге еңбекақыны ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде төлеу ұсынылған.