«Узатом» агенттігінің Атом электр станциясының құрылысы дирекциясы мен «Атомстройэкспорт» АҚ («АСЭ» АҚ, «Росатом» инженерлік бөлімшесі) Өзбекстанда салынатын аз қуатты атом электр станциясының құрылыс алаңында жұмыстарды бастау туралы құжатқа қол қойды.

«Узатом» агенттігінің хабарлауынша, құжатқа Өзбекстанның Атом энергиясы агенттігінің директоры Азим Ахмадхожаев пен «Росатом» мемлекеттік корпорациясы бас директорының орынбасары, Халықаралық қызметтер блогының директоры Николай Спасскийдің қатысуымен қол қойылды.

«Бүгін қол қойылған құжат Өзбекстанда алғашқы аз қуатты атом электр станциясын салу жобасын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстарды бастауымыздың белгісі болып, бұл жақын арада құрылыс алаңында тікелей жұмыстарды бастауға мүмкіндік береді», – деді Отабек Оманов.

АЭС жобасы бойынша алғашқы жұмыстар маусым айында басталған болатын, сол кезде болашақ атом электр станциясының орналасатын алаңында бірінші құрылыс штабы орнатылып, жоспарланған мерзімде жұмысты бастауға мүмкіндік беретін басты міндеттер белгіленген еді. Тамыз айының соңында атом электр станциясын салушылар үшін вахталық қалашықтың құрылысы басталды.

Бұл атом электр станциясы жұмыс істейтін аймақты дәстүрлі кешенді дамыту жолындағы алғашқы қадам. Аймақта мәдени-ағарту жобалары мен медициналық ұйымдар пайда болады, халық қоныстары өмір сүруге, ал өнеркәсіптік және коммерциялық кәсіпорындар жұмысқа тартылатын орынға айналуы күтілуде, делінген хабарламада.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда аз қуатты АЭС жобасы бойынша жұмыстарды бастау туралы құжатқа қол қойды