Өзбекстанда «Салауатты өмір салты» (1hls.uz) платформасына тіркелген азаматтар арасында 10 мың қадамнан көп жаяу жіргендері апта сайын 100 млн сум және 1000 велосипедтің бірін жеңіп алу мүмкіндігіне ие болды.
Туризм және спорт министрлігі, халықты жаяу жүруге ынталандыратын жаңа механизмнің іске қосылғанын хабарлады. Онда, күніне кемінде 10 мың қадам жүретін азаматтар ұтыс лотереясын қатысу мүмкіндігіне ие. Әр апта соңында телеарнада тікелей эфирде көрсетілетін лотереяның жеңімпазына 100 миллион сум және 1000 велосипед беріледі.
Министрлік дерегінше, мамандар мен жұртшылықтың ұсыныстары негізінде күнделікті серуендеу мен жүгіруге халықты көбірек тарту үшін ынталандыру жүйесін өзгерту, 3 мың сумн орнына қомақтылау жүлделерді қою мақсатқа сай деген қорытынды жасалған.
Осыған орай «Салауатты өмір салты» платформасы мынадай тәртіпте ұйымдастырылады:
1) Өзбекстан аумағында күніне 10 мың және одан да көп қадам жүрген 18 жастан асқан тұрғындар арасында келесі ұтыс ойындары апта сайын ойнатылады:
- Бір адамға 100 миллион сум көлеміндегі ақшалай сыйлық;
- 1000 адамға арналған велосипед.
2) Атаулы жүлделер жеңімпазы кездейсоқ таңдау тетігі арқылы «Спорт» телеарнасында апта сайын өткізілетін тікелей эфирде анықталады.
3) Ашықтық және бейтараптылықты қамтамасыз ету мен әртүрлі жалған нәтижелерді тіркеуге жол бермеу үшін құрамында қоғам белсенділері, ақпараттық технологиялар саласының мамандары, журналистер мен блогерлер бар Қоғамдық бақылау кеңесі құрылып, барлық үдерістерге қатаң бақылау жүргізілетін болады, делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта жаяу жүруді есептейтін онлайн платформада тіркелген өзбекстандықтар саны 1 миллионнан асқан.