Өзбекстанда алғаш рет сумо бойынша ел чемпионаты өтті
Ташкенттегі «Универсал спорт сарайында» сумо бойынша ел чемпионаты жарысы өтті.
Өзбекстанда сумо спортын дамыту, жастар мен қыз-келіншектер арасында ерлік, батылдық, отаншылдық және гуманизм идеяларын қалыптастыру, бұл спорт түрін халық арасында кеңінен тарату, жергілікті аймақтарда секциялар ашу, жас ұрпақ арасында оны танымал ету және халықаралық ареналарда еліміздің туын биік көтеретін чемпиондарды дайындау – басты мақсаттардың бірі.
[gallery-22301]
Жарыстың негізгі мақсаты – биылғы жылдың 13-14 қыркүйегінде Таиландта өтетін Әлем чемпионатына қатысушыларды таңдап алу болды.
Жастар мен ересектер арасында өткен жарысқа 200-ге жуық спортшы қатысты.
Сонымен қатар, осы жарысқа көрші елдер, атап айтқанда Тәжікстан мен Қырғызстан Республикасы командаларының қатысуы жарыстың жоғары деңгейде және қызықты өтуін қамтамасыз етті.
Командалық жарыста Қырғызстан құрамасы 1-орынға ие болды. Келесі орындар Өзбекстан мен Тәжікстан спортшыларына бұйырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан диплом, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
суреттерді түсірген М.АМИН, ӨзА