Өзбекстан хоккейден алғаш рет әлем чемпионатына қатысады
Өзбекстанның хоккейден ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатына қатысады.
2025 жылы Арменияда өтетін әлем чемпионатының IV дивизионында Өзбекстан құрамасы дебют жасайды. Турнир 13-19 сәуір аралығында Ереванда өтеді.
Турнирде Өзбекстан құрамасы Армения, Иран, Кувейт, Малайзия және Индонезия командаларына қарсы ойнайды.
Сондай-ақ, Өзбекстанның жасөспірімдер құрамасы да алғаш рет әлем чемпионатына қатыспақ. Өзбекстанның жас хоккейшілері 2025 жылдың 28 ақпаны мен 6 наурызы аралығында Бангкокта өтетін III дивизионның «B» тобына қатысады. Бұл топта оларға Таиланд, Түрікменстан, Босния, ОАР және Люксембург құрамалары қарсылас болады.