Өзбекстан құрамасы «Navruz Cup-2022» жеңімпазы атанды
Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасы алғаш рет ұйымдастырылған «Navruz Cup-2022» жеңімпазы атанды.
29 наурыз күні Намангандағы Орталық стадионда өткен Өзбекстан мен Уганда ұлттық құрамалары арасындағы финалдық кездесу 4:2 есебінде аяқталды.
Тартысты өткен кездесудің 35 минутында Жалолиддин Машарипов африкалықтарға гол соғып есепті асшқан болса, 39 минутта «Рома» клубының шабуылшысы Элдор Шамуродов есепті 2:0-ге жеткізді.
Екінші бөлімде Элдор Шамуродов тағыда екі гол соқты (56, 72 минуттар). Уганда ұлттық құрамасы екі голмен жауап қайтарды (52, 78 минуттар).