Өзбекстанда 9 шілдеде өтетін президент сайлауы науқаны бүгін, 10 мамырда басталды.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлап, сайлау округтерін құру 15 мамырға, ал сайлау учаскелерін құру 25 мамырға белгіленді. Сонымен қатар, сайлаушылардың бірыңғай электронды тізімі жасалады.

Саяси партиялар сайлау науқаны жарияланғаннан кейiн 3 күн iшiнде Орталық сайлау комиссиясына өздерiнiң уәкiлеттi өкiлдерiн тiркеу туралы өтiнiш жасауы тиiс.

Сайлауға қатысу үшін партиялар 15 мамырға дейін құжаттарын тапсыруы қажет. Президенттікке кандидаттар 17 мамыр мен 1 маусым аралығында ұсынылады.

Сайлауды дайындық пен өткізуге байланысты іс-шаралардың тәртібі, кезеңдері мен мерзімі туралы ақпарат сайлаушыларға және сайлау процесінің басқа да қатысушыларына Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландырулар арқылы жеткізілетін болады.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан президенттігіне сайлау науқаны басталды