Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 78-сессиясы шараларына қатысады.
Бүгін Мемлекет басшысы Нью-Йорк қаласына келді.
Жоғары мәртебелі мейманды әуежайда Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс, АҚШ-Өзбекстан сауда палатасының төрайымы Кэролин Лемм және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Сапар бағдарламасына сәйкес, 19 қыркүйекте Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының жалпы отырысында сөз сөйлеп, өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өз көзқарасын білдіреді. .
Жылдың басты халықаралық саяси оқиғасы аясында Орталық Азия елдері мен Америка Құрама Штаттары басшыларының саммиті, сондай-ақ шет мемлекеттердің, беделді халықаралық ұйымдардың және АҚШ-тың жетекші компанияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өтеді.