Өзбекстан Президенті Иордания Королімен кездесті
Астана қаласында өтіп жатқан Ақаба процесі аясында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнмен кездесу өткізді.
Мемлекет басшысы әлемде жаңа қауіп-қатерлер күшейіп отырған қазіргі кезеңде Иордания Королінің бастамасымен құрылған бұл платформаның маңызы арта түскенін атап өтті.

Кездесуде екі ел арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтудің өзекті мәселелері, соның ішінде жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысы талқыланды.
Кейінгі жылдары өзара сапарлар мен диалогтардың қарқын алғаны атап өтілді. Әуе қатынасы жолға қойылып, Үкіметаралық бірлескен комиссияның отырысы өткізілді және Іскерлік кеңес құрылды.

Сұхбат барысында ынтымақтастықты одан әрі дамыту, атап айтқанда, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды жандандыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Өзбекстан мен Иордания басшылары алдағы жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралардың жоспары және күн тәртібіндегі басқа да мәселелер жөнінде пікір алмасты.