Әзірбайжан астанасы Баку қаласында жетекші аналитикалық орталықтардан құралған Өзбекстан делегациясы Әзірбайжанның баламалы және жаңартылатын энергия көздері жөніндегі мемлекеттік агенттігінің директоры Жавид Абдуллаевпен кездесу өткізді.
Кездесуге Орталық Азия халықаралық институты – ОАХИ, Экономикалық зерттеулер және реформалар орталығы – ЭЗРО, Макроэкономика және өңірлік зерттеулер институты – МӨЗИ, Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институты – САЗИ, Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі жанындағы халықаралық қатынастар Ақпарат және талдау агенттігінің өкілдері қатысты.
Диалог барысында балама және жаңартылатын энергия көздеріне көшу бойынша елдерде жүзеге асырылып жатқан стратегияларды, Өзбекстан мен Әзірбайжан арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқыланды.
Кездесуде Әзербайжанның Баламалы және жаңартылатын энергия көздері мемлекеттік агенттігінің Өзбекстанмен жаңартылатын энергия көздері, «жасыл» сутегі және басқа да салаларда тығыз ынтымақтастық орнатуға мүдделі екені баса айтылды.