Өзбекстан мен Әзербайжан стратегиялық минералдар саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Әзербайжанның «NEQSOL Holding» компаниясы Өзбекстанда минералдық ресурстарды игеру бағытында ынтымақтастықты жолға қойып отыр.
«Trend» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған шетелдік компания Өзбекстанның Тау-кен өнеркәсібі және геология министрлігімен титан мен басқа да стратегиялық шикізат түрлерін бірлесіп игеру жөніндегі келісімге қол қойды.
Мәліметке сәйкес, бұл құжат V Ташкент халықаралық инвестициялық форумы аясында өткен Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы екіжақты құжаттарға қол қою рәсімі барысында ресімделген.