Ташкентте Өзбекстан-Қытай бизнес форумы мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығына арналған конференция өтті.

Шараға Қытай Коммунистік партиясының Шаньдун провинциялық комитетінің хатшысы Линь Ву бастаған делегация мүшелері де қатысты.

Форумның мақсаты – ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, Өзбекстан мен Шаньдун арасында жергілікті деңгейде өзара тиімді серіктестіктің жаңа өрісін құру.

Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Хужаев пен Лин У баршаны «Бір белдеу, бір жол» мүмкіндігін пайдалана отырып, өзара қарым-қатынастар тарихының жаңа парағын ашуға шақырды.

Өзбекстанда Қытай Халық Республикасымен сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Ірі өнеркәсіп орталығы – Шаньдун провинциясымен қарым-қатынасты нығайтып, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ашуда бұл шараның маңызы зор. Форумға көптеген бизнес өкілдерінің қатысуы қытайлық кәсіпкерлердің Өзбекстанға деген қызығушылығының артып келе жатқанының айқын көрінісі.

Биылғы жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 30 пайызға артып, 7 миллиард долларға жетті. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін екі ел басшылары белгілеген 10 миллиард долларға дейін жеткізу көзделген. Инвестициялық ынтымақтастық та нығая түсуде. Жалпы игерілген қытайлық инвестиция 2017 жылдан бері 5 есе өсіп, 11 миллиард долларға жетті. Қытайлық компаниялардың қатысуымен республикада ондаған заманауи кәсіпорындар құрылып, мұнай-газ, химия, тоқыма өнеркәсібі сияқты маңызды салаларда ірі жобалар жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Мысалы, Қашқадария және Бұхара облыстарында «Shandong Electric Power Construction» компаниясымен бірге жалпы қуаты 1000 МВт болатын фотоэлектр станциялары салынуда.

[gallery-13454]

Форумда Қытай мен Өзбекстанның ұзақ мерзімді тиімді қарым-қатынасы орныққандығы, екі мемлекетті әсіресе берік достық қатнастар байланыстырып отырғаны атап өтілді. 2013 жылы Қытай төрағасы Си Цзиньпин «Бір белдеу, бір жол» бірлескен даму идеясын алға тартты. Ежелгі Жібек жолының маңызды буыны ретінде Өзбекстан бұл бастаманы бірінші болып қолдап, жобаға белсенді қатысатын елдердің бірі болды.

Шаньдун мен Өзбекстан арасында ежелден сауда-экономикалық және мәдени алмасулар жолға қойылған. Осыдан 2000 жыл бұрын Өзбекстанға осы өлкеден қолөнер, жібек мата және басқа да асыл тауарлар тиелген түйе керуендері келген. Қазірдің өзінде Шығыс-Батыс «Цилу» Еуразиялық жүк пойыздары осы бағыт бойынша бірқалыпты қозғалып, Жаңа Жібек жолының «болат көпірін» нығайтып келеді.

Шаньдун Өзбекстан аймақтарымен ынтымақтастықты ілгерілетуді, инвестиция мен алмасу аясын кеңейтуді, тауар алмасу арқылы халықтарымыз арасындағы байланысты дамытуды жақтайды.

Шарада сөз алғандар екі жақтың бар мүмкіндіктері туралы жан-жақты мәлімет беріп, өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегін ерекше атап өтті. 

Конференция аясында жаңа бірлескен жобалар бойынша бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Гузал Саттарова, Насиржон Хайдаров (сурет), ӨзА

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 7 миллиард долларға жетті