«Өзбекстан темір жолдары» компаниясы «Қазақстан темір жолдары» акционерлік қоғамымен келісе отырып, теміржол арқылы жолаушылар тасымалын қалпына келтірілу туралы хабарлады.
Ресми хабарламаға сәйкес, 15 мамырдан Нөкіс-Бейнеу-Нөкіс бағытында, 16 мамырдан Алматы-2-Ташкент-Алматы-2 бағыты бойынша пойыздар қатнауы ашылады. Рейстер аптасына үш рет орындалады.
15 мамырдан бастап 647/648 санды Нөкіс – Бейнеу – Нөкіс жолаушылар пойызы қатынай бастайды.
16 мамырдан бастап Алматы-2 – Ташкент – Алматы-2 бағыты бойынша 1/2 санды («Тұлпар-Тальго») пойызы жолға шығады.
Бұл рейстер Ташкенттен аптасына 3 рет «Ташкент-Орталық» вокзалынан орындалатын болады.
Билеттерді электронды түрде және кассадан сатып алу мүмкін, ал Қазақстан шекарасынан өту үшін электронды билетті А4 форматындағы қағазға басып шығару қажет.