Өзбекстан мен Чехия арасында екіжақты келісімдер пакетіге қол қойылды
Ташкент қаласында өткен келіссөздер қорытындысы бойынша Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Чехия Республикасының Премьер-министрі Андрей Бабиш Кеңейтілген ынтымақтастықты ілгерілету туралы бірлескен декларацияға қол қойды.
Сондай-ақ экономика, өнеркәсіп, ғылыми және технологиялық ынтымақтастық, дипломатиялық кадрларды даярлау, метрология зертханасын бірлесіп жобалау және ұйымдастыруды қолдау, метрология саласындағы ғылыми-инновациялық әріптестік, геология саласындағы ынтымақтастық, электр пойыздарын жеткізу және басқа да бағыттар бойынша екіжақты келісімдерге қол қою рәсімі өтті.








