Чехия Премьер-министрі ресми сапармен Өзбекстанға келді
Чехия Республикасының Премьер-министрі Андрей Бабиш 29 сәуір күні ресми сапармен Өзбекстанға келді.
Жоғары мәртебелі мейманды «Ташкент-Хумо» халықаралық әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Сапар бағдарламасына сәйкес, Ташкент қаласында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Онда көпқырлы Өзбекстан–Чехия ынтымақтастығын одан әрі дамыту мүмкіндіктері қарастырылады.
[gallery-29087]
Тараптар өзара сауданы арттыру, машина жасау, «жасыл» энергетика, химия, фармацевтика және көлік салаларындағы кооперацияны кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударады.
Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, халықаралық күн тәртібіндегі өзара қолдау бағытында пікір алмасу жоспарланған. Кездесу қорытындысында екіжақты құжаттарға қол қою көзделіп отыр.
Сапар аясында Андрей Бабиш Өзбекстан–Чехия бизнес форумына да қатысады.
А.РУСТАМОВ, О.МИРСОАТОВ (сурет), ӨзА