«Согдиана Транс» компаниясы мен «Ауғанстан темір жолы» әкімшілігі арасында Хайратон-Мазари Шариф темір жолын пайдалану туралы жаңа келісімге қол қойылды.
«Өзбекстан темiр жолы» АҚ мәліметінше, келiсiмге сәйкес «Согдиана транс» осы аумақтағы жұмысын 2 жыл бойы жалғастыратын болады.
Сонымен қатар, тараптар Мазари Шариф станциясына жүктерді жеткізуді жеделдету жөнінде бірлесе келісті және «Ауғанстан теміржолы» департаментінің жергілікті мамандарын дайындауға баса назар аударған.
Хабарда айтылуынша, 10-11 ақпан күндері Ауғанстанға 714 жүк вагоны жеткізілген. Жүктерді жеткізу процесі жалғасуда.