Өзбекстан ұлттық құрамасы «FIFA Series – 2026» турнирінде жеңімпаз атанды
Ташкент қаласында футболдан өткен халықаралық «FIFA Series – 2026» турнирі аяқталды.
Финалдық кездесуде Өзбекстан ұлттық құрамасы Венесуэла командасына қарсы алаңға шықты.
«Бунёдкор» стадионы алаңында өткен тартысты матчтың негізгі уақытында есеп ашылған жоқ — 0:0.
Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл кезеңде Өзбекстан құрамасы 5:4 есебімен басым түсіп, турнир чемпионы атанды.

Осылайша, Фабио Каннаваро жетекшілік ететін команда «FIFA Series – 2026» турнирінің жеңімпазы атанса, Венесуэла құрамасы екінші орынды місе тұтты.
[gallery-28459]