Футбол: Өзбекстан U20 әйелдер құрамасы «CAFA U20 Women’s Championship 2026» турнирінің жеңімпазы атанды
Тәжікстанда футболдан «CAFA U20 Women’s Championship 2026» турнирі өтті. Аталған жарыста Өзбекстанның 20 жасқа дейінгі әйелдер құрамасы чемпиондық атақты жеңіп алды.
Турнирдің соңғы турында Өзбекстанның U20 әйелдер құрамасы Тәжікстанның U20 құрамасымен кездесіп, қарсыласын 7:0 есебімен ойсырата жеңді.
Осылайша Виктория Сирота баптайтын Өзбекстанның U20 әйелдер құрамасы үш кездесуде 7 ұпай жинап, «CAFA U20 Women’s Championship 2026» турнирінің жеңімпазы атанды.
Жарыс барысында Өзбекстан U20 құрамасы Иранның U20 құрамасымен 1:1 есебімен тең түсіп, Қырғызстанның U20 құрамасын 1:0 есебімен жеңген болатын.