«BBC Travel» жаһандық медиа порталының мәліметі бойынша, Өзбекстан 2025 жылы саяхат жасау үшін ең жақсы 25 бағыттың қатарына енді.
Мақалада туризмнің Өзбекстанның өзіндік дәстүрлері мен мәдени мұрасын сақтау стратегиясының маңызды бөлігіне айналып келе жатқаны атап өтілген.
Ел инфрақұрылымды қарқынды дамытуда: жаңа қонақ үйлер, жоғары жылдамдықтағы теміржол бағыттары, ішкі әуе рейстері және жаңартылған мәдени ескерткіштер туристер үшін теңдессіз мүмкіндіктер жасап отыр.
Осының бәрі экономикалық өсімді ынталандыруға және Өзбекстанның тарихи және мәдени мұрасының шексіз байлығын ашып жатқан туристерді тартуға көмектесіп отыр.
Айта кету керек, 90-нан астам елдің азаматтары, оның ішінде Ұлыбритания, Канада және Австралия тұрғындары Өзбекстанға визасыз бара алады, бұл саяхатты айтарлықтай жеңілдетіп, туристер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Сонымен қатар, көрші елдермен шекараны кесіп өту әлдеқайда жеңілдегені айтылған.
«2024 жылдың қараша айында Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын «Жібек жолы теміржол саяхаты» атты алғашқы халықаралық теміржол бағыты іске қосылды. Бұл ыңғайлы бағыт туристерге Ұлы Жібек жолы бойымен жүріп, екі мемлекеттің бірегей тарихи және мәдени ескерткіштерін еркін зерттеуге мүмкіндік береді. Мұндай саяхаттар тек ежелгі сауда мен мәдени алмасу атмосферасына бойлау ғана емес, сонымен қатар өңірдегі мәдени байланыстарды нығайту және туризмді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», деп қорытындылайды «BBC Travel».
Айта кету керек, танымал басылымның танымды тізіміне АҚШ, Канада, Жапония, Италия, Австралия, Марокко, Ұлыбритания және басқа да мемлекеттер де енген. Оған Өзбекстанның енуі елдегі тарихи және мәдени мұраны қайта жаңғырту мен дамыту бағытындағы жүргізіліп жатқан шаралар мен жобалар да маңызды үлес қосып отыр.