Бүкіләлемдік туризм ұйымы (БҰҰ Туризм) жариялаған еі кейінгі талдамалық деректерге (World Tourism Barometer) сәйкес, Өзбекстан 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында шетелдік туристер келген әлемдік деңгейде ең жоғары өсу көрсеткен ТОП-7 елдің қатарына енді.
Атап айтқанда, елге келген халықаралық туристер ағыны 2019 жылғы жағда мен салыстырғанда 73 пайызға артқан. Бұл Өзбекстанның жаһандық туризм кеңістігіндегі орнының жүйелі түрде нығайып келе жатқанын көрсетеді.
Аталған нәтиже Еуропа аймағы аясында да Өзбекстан туризміне беріліп отырған оң бағаның айқын көрінісі болды. БҰҰ Туризм рейтингіне сәйкес, 2019 жылмен салыстырғанда туристер санының өсу қарқыны бойынша Өзбекстан Еуропа аймағындағы ең үздік көрсеткішке ие елдер арасында 2-орынға шықты.

2025 жылдың алғашқы тоғыз айында Өзбекстанға келген халықаралық туристер саны 2024 жылмен салыстырғанда 13 пайызға өсіп, соның арұасында ел Еуропа аймағында ең жоғары өсу көрсеткен ТОП-4 туристік бағыт қатарына енді.
БҰҰ Туризм қорытындысында 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында әлем бойынша халықаралық сапарлар көлемі орта есеппен 5 пайызға артқан. Бұл өз кезегінде жаһандық туризм пандемиядан кейінгі тұрақты қалпына келу кезеңіне аяқ басып келеді. Осы жалпы оң үрдістер аясында Өзбекстанның көрсеткіштері елде жүргізіліп жатқан ұзақ мерзімді әрі жүйелі саясаттың нақты тиімділігін айқын көрсетіп отыр.
Жаһандық үрдістер аясында Өзбекстан туристік белсенділіктің одан әрі серпінді өсуін байқатып отыр. 2025 жылы ел жаңа рекордтарға қол жеткізді: алғашқы 11 айда 10,7 миллионнан астам шетелдік турист келді, ал сәуір айынан бастап тарихта алғаш рет ай сайын 1 миллионнан астам турист қабылданған. Туристік қызметтер экспортынан түскен табыс 4,4 миллиард АҚШ долларынан асты. Бұл тек қалпына келуді ғана емес, өзге көптеген бағыттармен салыстырғанда озық өсімді де көрсетеді.
Өзбекстанға туристер ағынының артуы виза режимін кеңейту, көлік қолжетімділігін жақсарту және белсенді халықаралық маркетинг саясатының нәтижесі. Жаңа қонақ үйлер, туристік компаниялар және туризм мамандарының саны едәуір артты. Бұл елдің инфрақұрылымын нығайтып, оны әлемдік туристік нарықта одан әрі бәсекеге қабілетті етуде.
Самарқанд, Бұхара және Хиуа сияқты дәстүрлі тарихи орталықтармен қатар, экологиялық және гастрономиялық туризмге деген қызығушылық та артып келеді. Алыс шетелдерден келетін туристер санының көбеюі Өзбекстанның өңірлік бағыт шеңберінен шығып, жаһандық туризмдегі өз орнын нығайтып келе жатқанын дәлелдейді. Бұл жетістіктер БҰҰ Туризм барометрінде сипатталған жаһандық үрдістер аясында туризм саласының одан әрі дамуына қолайлы мүмкіндіктер қалыптастырып отыр.