Өзбекстан мен Қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасын үш рет қабылдағаннан кейін азаматтар толық вакцинацияланған болып саналады.

Санитарлық-эпидемиологиялық және қоғамдық денсаулық сақтау қызметі басшысының орынбасары Батыр Қурбановтың елдегі вакцинация жағдайы туралы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Оның айтуынша, Өзбекстанда 3-кезеңдік клиникалық сынақтардан сәтті өткен Қытайдың «Zhifei Longcom Biopharmaceutical Co. Ltd» компаниясы мен өзбек мамандары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC 2001 вакцинасы азаматтарға үш рет егілгенде олар толық вакцинацияланған болып саналады. Ал, AstraZeneca вакцинасын екі қабылдау керек.

Азаматтар қай вакцинаны алуын өзі таңдай алады.

Қазіргі уақытта Өзбекстан аумағындағы жаппай вакцинация аясында 1,66 млн доза мөлшердегі вакцина қолданылуда.

Соңғы дерек бойынша өткен тәулікте 14 216 кісі COVID-19 коронавирусына қарсы вакцина алған. 1 сәуірден бастап вакцина алғандардың жалпы саны 49 602-ге жеткен.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбек-Қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы үш рет егіледі