Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Геномика және биоинформатика орталығының ғалымдары қызанақтан COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина жасады.
Орталық директоры Забардаст Буриевтың айтуынша, «Біз бұл қызанақты ас ретінде пайдаланғанда ол асқазанда ыдырап, антидене түзеді. Тәжірибе аясында біздер Өзбекстанда табылған коронавирусты алып, тәжінің бір бөлігін клондап, өсімдік жасушасына енгізу арқылы тексеріп көрідк. Нәтижесінде вакцина шынымен өсімдік жасушасынан бөлінуде», - деген.
Оның айтуынша, азық-түлікпен вакцина жасау тәжірибесі Ресей мен Канадада сүт пен жүгері сияқты өнімдерде қолданылуда. Олардың клиникалық сынақтары да аяқталуға жақын.
Орталық директорының мәліметіне қарағанда, қызанақта синтезделген коронавирустың S-ақуызы асқазан арқылы ішекке еніп, иммундық жүйені оятады. Осылайша пайда болған антиденелер қоздырғышпен күресе бастайды. Мұндай вакциналар балалар үшін өте қолайлы.
Қазіргі кезде вакцина қызанақтың зертханада пісу процесінде. Содан кейін оны тышқан, қоян және егеуқұйрықсынды жануарларда сынақтан өткізіліп, нәтижелері талданады. Жоспар бойынша сынақтар биыл аяқталуы көзделген.
Мамандардың айтуынша, қазір коронавирусқа қарсы вакцина Канадада темекі мен жүгеріден алынған. Ал, Ресейде биокефирден, яғни сүт өнімдерінен алынады. Вакциналық өнім асқазан арқылы ішекке өтеді және ішекте антиденелердің сіңуі нәтижесінде организмде иммундық жүйенің жұмысына байланысты коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болады.