World Boxing: Өзбекстандық 7 боксшы финалға шықты
Бразилияда «World Boxing» ұйымы тарапынан өткізіліп жатқан әлем кубогында Өзбекстан құрамасының 7 боксшысы финалға жолдама алды.
Жартылай финалдың соңғы күнінде -55 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Миразизбек Мирзахалилов Гватемала өкілі Хосе Фелипені жеңсе, -80 келі салмақта Жавохир Умматалиев қазақстандық Диас Молжігітовтен басым түсті.
Сонымен қатар, -85 келіде ел намысын қорғап жатқан Акмалжон Исроилов польшалық Якуб Страшевскийді тізе бүктіріп, финалға жолдамаға ие болды.
Бұдан бұрын Турабек Хабибуллаев, Асилбек Жалилов, Фазлиддин Эркинбоев пен Жахонгир Зокиров өз салмақ санаттарында шешуші финал кезеңіне шыққан болатын.
Сонымен жалпы өзбекстандық 7 боксшысы алтын медаль үшін жекпе-жек өткізеді.