Венгрия президенті Каталин Новак балаларға жыныстық зорлық-зомбылықты жасырды деп айыпталған ер адамға кешірім беру туралы даудан кейін отставкаға кететінін мәлімдеді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Новактың отставкаға кетуін елдегі барлық оппозициялық партиялар талап етті, өйткені ол 2023 жылдың көктемінде Рим Папасының сапары алдында балалар үйі директорының бұрынғы орынбасарына кешірім беру туралы өтінішін қанағаттандырған болатын. 

Ол мектеп директорына оқушыларына жасалған сексуалдық зорлық-зомбылықты жасыруға көмектескені үшін 3 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылған еді.

Өз үндеуінде Новак «қателік жібергенін» айтқан. Енді Венгрия парламенті 30 күн ішінде жаңа мемлекет басшысын сайлайды.

Каталин Новак өз президенттігін 2022 жылдың наурызында бастады. Ол Венгрия тарихындағы тұңғыш әйел президент болды.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Венгрия президенті Каталин Новак отставкаға кетті