Украина парламенті премьер-министрдің отставкасын мақұлдады
Украина Жоғарғы Радасы елдің премьер-министрі Юлия Свириденконың қызметінен кетуі туралы шешімді мақұлдады. Тиісті шешімді 258 депутат қолдады.
Жаңа Үкімет жасақталғанға дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары әрі Энергетика министрі Денис Шмыгаль үкімет басшысының міндетін уақытша атқарады. Жаңа премьер-министрдің кандидатурасын 16 шілдеде қарау жоспарланған. Бұған дейін Президент Валодимир Зеленский мемлекеттік саясатты жаңарту мақсатында Министрлер кабинетінің құрамын өзгерту қажеттігін мәлімдеген.
Оның айтуынша, кадрлық өзгерістер мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және сыртқы саясаттың басым бағыттарын күшейтуге ықпал етуі тиіс. Зеленский Юлия Свириденкоға премьер-министр қызметіндегі еңбегі үшін алғыс айтып, оған Украина үшін маңызды жаңа бағыттардың біріне жетекшілік етуді ұсынған.