Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 4,5 мыңға жуықтады
Венесуэлада 24 маусым күні болған екі бірдей жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқандар саны 4 490 адамға жетті.
Венесуэла Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригестің мәліметінше, табиғи апаттан 16 740 адам зардап шеккен, ал 6 462 адам қираған ғимараттардың үйінділері астынан аман-есен құтқарылған.
Ла-Гуайра штатының жағалау аймақтары мен Катиа-ла-Мар қаласында тұрғын үйлер мен көпқабатты ғимараттар қирап, көшелерді құрылыс қалдықтары басып қалған. БҰҰ-ның алдын ала бағалауынша, үйінді астында шамамен 50 мың адам қалып, хабар-ошарсыз кеткен болуы мүмкін.
Ла-Гуайра штатының губернаторы Хосе Алехандро Теранның айтуынша, үкімет жер сілкінісінің салдарын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ал төтенше жағдайлар қызметі іздестіру-құтқару операцияларын үздіксіп жалғап отыр.