Қазақстан ОСК Құрылтай депутаттары сайлауының нәтижесін жария етті
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттары сайлауының нақтыланған алдын ала нәтижелерін жария етті.
KAZINFORM мәліметінше, «Әділет» партиясы 6 528 948 адам немесе 71,17 пайыз дауыс жинаған.
Сонымен дауыс жинау көрсеткіші келесідей:
«Әділет» партиясы 6 528 948 адам немесе 71,17 пайыз;
ЖСДП 469 058 адам немесе 5,11 пайыз;
«Байтақ» партиясы 97 751 адам немесе 1,07 пайыз;
ҚХП 285 395 адам немесе 3,11 пайыз;
«Ауыл» партиясы 574 621 адам немесе 6,26 пайыз;
«Ақжол» партиясы 478 083 адам немесе 5,21 пайыз;
Respublica партиясы 509 631 адам немесе 5,56 пайыз.
Қазақстан тарихында алғашқы Құрылтай сайлауында 230 446 адам немесе сайлаушылардың 2,51 пайызы бәріне қарсы болған.